Telelift GmbH — құжаттар мен жүктер тасымалының ішкі логистикасын қалыптастырудағы дүниежүзілік көшбасшы.
ЖШС «Аспан Инновациясынын Орталыгы» – өздігінен жүретін контейнерлерде әр түрлі мақсатта қолданылатын жеңіл жүкті тасымалдауға мүмкіндік беретін монорельстік көлік жүйелерінің үздік өндірушісі «Telelift GmbH» Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі.

Біздің шешімдер медициналық мекемелерде, кітапханаларда, мұрағаттарда, өнідірісте, банктерде және әкімшілік мекемелерде қолданылады.

Біз нысандарды жобалаймыз. Жабдықты жеткізуді, орналастыруды, іске қосу-реттеу жұмыстарын, кепілдік және сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асырамыз.

UniCar

Негізгі сипаттамалар


10...15 келі
жүк көтерімділігі

500x600 мм тасымалданатын заттардың максималды габариттері

0.6 м/сек
контейнер қозхғалысының жылдамдығы

Жедел, шусыз контейнерлер жүкті және құжатты тоқтаусыз және кедергісіз жеткізеді;

Өздігінен жүретін көліктік контейнерлердің конструкциясы заманауи технологиялар мен материалдардың қолданылуымен дайындалған, қауіпсіз қолдану жөніндегі халықаралық стандарт талаптарына сай келеді;

Контейнерлердің әр түрлі конфигурациялы болуы мүмкін — ашық, жабық, құлыпталатын, өздігінен артылатын және т.б.


UNICAR көліктің жүйесінің қосымша жұкті автоматты түрде артатын және түсіретін ADAL (AutoDropAutoLoad) жүйесімен жабдықталуы мүмкін, бұл қызметкерлерге түсетін жұмысты азайтады.



MultiCar

Негізгі сипаттамалары


60 келі
жүк көтерімділігі
көлденеңінен

30 келі
жүк көтерімділігі
тігінен

0.5 м/сек
контейнер қызметінің жылдамдығы
Өндіріс, құрастыру цехтары және қоймалар ішіндегі логистикалық мәселелердің әмбебап шешімі.

MultiCar конвейерлік мәселелердің шешімдерін оңтайландыру мүмкіндігін береді:

Бір жерден келесі жерге көліктік тасымал жасауға болады;

Өндіріске арналған циклдық шеңберлік тасымалдау амалы тасымалдау трафигі жоғары өндіріске арналған шешім.

Әр түрлі алаңдарла орналасқан бірнеше өндірістік тізбектердің өзара байланысы;

Габариттік өлшемдерінің шағындығына байланысты кеңістігі аз өндірісте де қолданылады;

Энергияның жұмсалуы өте төмен және тек тасымалдау уақытында;

Құрамдастары жоғары сапалы материалдардан және қызмет мерзімін ұзартатын жабындардан әзірленген;

Шуы өте аз, бұл өндірістегі қауіпсіздік үшін өте маңызды.



UniSortCar

Негізгі сипаттамалары


5 келіге дейін
жүк көтерімділігі

100 х 100 х 1 мм;
тасымалданатын жүктердің
минималды габариттері

300 х 400 х 100 мм;
тасымалданатын жүктердің
максималды габариттері

1 м/с дейін
қозғалыс жылдамдығы
UniSortCar жүйесін қолдана отырып тасымалдау және сұрыптау.

UniSortCar – Telelift өнімдері арасындаңғы ең жана жүйе. Ең алдымен ол заманауи кітапханаларда пайдалануға арналған. UniSortCar жекелеген кітаптарды тасуға арналған құрал ретінде пайдаланылады. Соған қоса ол кітапты беру нүктесінен бастап келушілер мен сақталатын жерге дейін жеткізетін сұрыптау жүйесі болып табылады. Бұл тасымалдау жүйесі уақытты үнемдейді және пайдаланушылардың кітапқа қол жетімділігін арттырады.



Қолдану

Ішкі логистика

  • UNICAR және MULTICAR жүйелері салмағы 60 келіге дейінгі әр түрлі жүктің іштей тасымалдануына қатысты көптеген мәселелерді шешуге бейімделеді;
  • Жүйені салынып жатқан ғимаратқа да, қолданыстағы ғимаратқа де енгізуге болады;
  • Қажетті жүкті уақытында жеткізеді;
  • Нәзік заттарды аса ұқыпты жеткізеді;
  • Тасымалдау орны мен уақытын айтарлықтай үнемдейді, UNICAR және MULTICAR жүйелерін еден мен қабырғада ғана емес, төбеге де орналастыруға болады, демек орын алған мақсаттар шешімді талап етеді.

Медициналық мекемелерге арналған шешімдер

  • Медикаменттерді, зертханалық үлгілерді, құжаттарды, медициналық құралдарды, стерильді жүктерді тасымалдау;
  • Жүйеге күндіз-түні қол жетімді;
  • Нәзік заттарды аса ұқыпты жеткізеді;
  • Дәрі-дәрмектерді шайқамай жеткізеді.

Өндіріске арналған шешімдер

  • Бос кеңістікті үнемдеу және құрастыру өндірістерінде жүктерді тасымалдау уақытын азайту шешімдері;
  • Материалдарды жиналатын жерлерге дәл және уақытында сенімді және қауіпсіз жеткізеді;
  • Жүктерді рұқсатсыз пайдаланудан қорғай отырып жеткізу.

Кітапханаларға арналған шешімдер

  • Қорды қоймадан беруге және қайтадан қабылдауға жеткізу;
  • Кітаптардың, журналдардың, әр түрлі аудио/бейне тасымалдауыштардың, газет түптемелерінің орнын ауыстыру;
  • Жүйені кез келген көлемдегі және түрдегі кітапхана үшін бейімдеуге болады;
  • Материалдар үнемі бір статикалық сақтаулы күйде тасылады.

Банктер мен әкімшіліктерге арналған шешімдер

  • Ішкі құжаттарды, ақшаны, ақпарат тасымалдауыштарын және бағалы қағаздарды, сондай-ақ құнды жүкті жылдам және қауіпсіз жеткізу;
  • Аса жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және зақымдануын ықтималдығын жою;
  • Үлкен әкімшілік ғимараттарда тиімді пайдалану.

Автоматты өртке қарсы есіктер

Өрт – кез келген сақтау орны үшін ең қауіпті қатер, сондақтан секцияларға бөлінген тасымалдау жүйесі автоматты түрде ашылатын өртке қарсы есіктермен жабдықталады. Ал шуды оқшаулау үшін технологиялық әдістерде ауа қақпақтары орналастырылады.

Контейнерлерді өлшеу жүйесі

Арту бекеттерінің қосымша арнайы таразылармен жасақталуы мүмкін. Контейнерге шамадан тыс жүк артуға жол бермеу және оның қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Жүк салынған контейнер салмағы шартты салмақтан артық болса, бекеттің терминалына дабыл келеді және контейнер қозғалысты бастамайды.

Контейнерлерді залалсыздандыру жүйесі

Қажетті жүктерді «таза» жерге жеткізуді қамтамасыз ету үшін (стерильді құралдарды, медикаменттерді, таңу материалдарын) UniCar жүйесінде төмендегілер қарастырылған:

бактерияға ақрсы контейнерлердің ұнтақ тәрізді жабыны;
«таза» жерге кірісте/шығыста арнайы ультракүлгін залалсыздандыру камераларын орнату.

Автоматты арту /түсіру жүйесі

UNICAR тасымалдау жүйесі қосымша түрде ADAL (AutoDropAutoLoad) автоматты арту және жүкті түсіру жүйесімен жабдықталуы мүмкін, бұл қызметкерлерге түсетін күшті азайтады.

Байланыстар

ЖШС «Аспан Инновациясынын Орталыгы» — Қазақстан Республикасында,
Telelift GmbH

+7 (7172) 456428, 200106, +79033668457

© 2009-2015 ЖШС «Аспан Инновациясынын Орталыгы»